back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Габидена Мустафина"
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Габидена Мустафина"
Егинбаева Кулай Сагиндиковна

Егинбаева Кулай Сагиндиковна

Мектеп медбикесі Егинбаева Кулай Сагиндиковна
Мектептегі медициналық қызмет жұмысын ұйымдастыру
Мектептегі мейірбике жұмысының мақсаты: тұлғаның денсаулығын сақтауға, тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етуші жайлы білім беру ортасын құру болып табылады.
Міндеті – оқушылардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алуға көмектесуші мінез-құлық түрлерін қалыптастыру.
Мектепте жүргізілетін жұмыс көлемі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
  • оқу жылының басында мектептің санитариялық-жай-күйін тексерістен өткізу және мектептің оқушыларды қабылдауға дайын екендігін анықтау;
  • медкабинетті дайындау, оны қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз ету;
  • қажетті медициналық құжаттаманы дайындау;
  • тамақтану бойынша құжаттаманы жүргізу;
  • білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, бұйрықтар, нұсқаулықтар дестесін дайындау немесе толықтыру;
  • санитариялық-ағартушылық жұмыс бойынша нұсқамалы-әдістемелік материалдар салынған дестені дайындау: білім алушылардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша диктанттардың, дәрістер мен әңгімелесулердің үлгі тесттері; ғылыми-көпшілік және медициналық фильмдер тізімі;
  • білім алушылардың денсаулығын сақтаудың әртүрлі мәселелері бойынша баспа материалдарының жинақтары, парақшалар, жаднамалар, жүгінулер, буклеттер;
  • көрнекілік материалдарының жинақтары, көрмелер, плакаттар, санбюллетеньдер;
  • бір жылға арналған жұмыс жоспарын құрастыру, оны емхананың бас дәрігерінде бекіту және мектеп директорымен келісу.
 Теміртау қаласы білім бөлімінің "Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медициналық кабинеті мектептің гигиеналық талаптарына сай.
Медициналық кабинет бірінші қабатта орналасқан. Кабинетте күн сайын тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.
Медициналық кабинет медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Медициналық кабинеттің жұмыс тәртібі - 5 жұмыс күні.
Мед
қызметкер
саны
Аты-жөні
Мамандығы
Білімі
Жалпы жұмыс өтілі
Осы мекемедегі жұмыс өтілі
Санаты
жүктемесі
1
Егинбаева Кулай Сагиндиковна
медбике
орта
30  жыл
8  жыл
   1
1,5
Новости