back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №4"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №4"
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№4 ЖББМ» КММ  Мектептің ғылыми-әдістемелік бірлестігі

Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№4 ЖББМ» КММ Мектептің ғылыми-әдістемелік бірлестігі

Қарағанды облысы білім басқармасының

Теміртау қаласы білім бөлімінің «№4 ЖББМ» КММ

Мектептің ғылыми-әдістемелік бірлестігі

Мектептің ғылыми - әдістемелік тақырыбы:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Мақсаты – білім мазмұнын ғылыми-әдістемелік жүйемен қамтамасыз ету, вариативті компоненттерін толық жүзеге асыру, білім алушылардың  функционалдық сауаттылығын дамытудағы түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, педагогикалық шығармашылықты дамытуға жағдай жасау.

Міндеттері:

  • Мұғалімдерге «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын» дамытудағы әдіс-тәсілдерді меңгерту;
  • Мұғалімдерді авторлық бағдарламалар, құралдар, шығармашылық ізденістер жасауға ұмтылдыру , қолдау көрсету және қорытындылауын қолға алу;
  • Оқушылардың республикалық ғылыми жоба жарысына, пәндер олимпиадасына жүлдегерлер дайындау ісін нақтылау, әрі ұжым мүшесінен талап ету;
  • Оқушының алған білімінің үздіксіз дамытылуымен қатар өзін-өзі тәрбиелеуі, қоғамдық көзқарасының, құзырлылығының қалыптасуын, функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, психологиялық қызметті арттыру, бейінді оқытудың сапалылығы үшін мұғалімдерге жағдай жасау;
  • Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;
  • Мұғалімдердің оқытудың цифрлық түрін қолдану үлесін арттыру;
  • Өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
  • Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, бағалауда көмек көрсету;
  • Күнделікті тәжірибеде Quizizz, Kahoot, Quzle, Padlet, Plikers, интерактивті білім беру қосымшаларын қолданатын мұғалімдер үлесін арттыру;
  • Күнделікті білім беру үрдісінде әлеуметтік желілерді, бұлтты сервистерді, QR-кодтау технологиясын тиімді қолдану;
  • Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу;
  • Оқушыларды даралап, саралап оқытуда тұлғаның қабілетіне, жеке бейімдігі мен сұранысына сәйкес жан-жақты білім алуына мүмкіндік жасау;
  • Жаңашыл технологияларды қолдану барысында мамандардың зерттеушілік әдіс-тәсілдерін оңтайлы пайдалану арқылы жаратылыстану, математика, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің сапасын көтеру.

Күтілетін нәтижелер:

  • білім беру ортасының қоғамның ағымдағы сұранысына бейімделеді;
  • оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті АКТ технология көмегімен ұйымдастырады;
  • дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде олимпиада, ғылыми жоба, түрлі байқаулар жеңімпаздарының саны артады;
  • қашықтықтан оқыту платформаларын сабақта тиімді қолданады;
  • педагогтер іс – тәжірибелерін қала, облыс, республика көлемінде таратады;
  • педагогтердің кәсіби байқау, шығармашылық сайыстарға қатысу үлесі артады.

Мектептегі ғылыми-әдістемелік бірлестегі мұғалімдерінің сапалық құрамы:

2021-2022 оқу жылында ҒӘБ құрамында 98 мұғалім жұмыс істеді. 

Жоғары білімді – 93 мұғалім;

Арнайы орта білімі - 5

Педагогикалық жұмыс өтілі бойынша:  

1-5 жыл аралығында жұмыс істейтін -  19 мұғалім;

5 -10 жыл аралығында  жұмыс істейтін -  15 мұғалім;

 10- 20 жыл аралығында жұмыс істейтін – 38 мұғалім;

  20-дан астам жыл аралығында жұмыс істеген - 26 мұғалім.

Санаты бойынша

жоғары санатты -  6

Бірінші - 2

Екінші - 8

Педагог-зерттеуші -11

Педагог-сарапшы -  24

педагог-модератор - 22                       

санатсыз – 25

Сапалық құрамы – 50,5% құрайды (Педагог-модератор санамағанда 27,8%)

ӘБ бойынша санатсыз педагогтер саны:

Бастауыш сынып -8

Шетел тілі – 2

МИФ -6

Тарих – 2

Орыс тілі және әдебиеті -2

ЖБ – 1

Қазақ тілі -2

Дамыту циклі – 2

 

 

 

 

  1. Мектебімізде 8 ғылыми-әдістемелік бірлестігі және 5 ғылыми-шығармашылық топ жоспар бойынша жұмыстарын жүргізеді.Олардың жетекшілерін жылдың басында бұйрық бойынша тағайындалды.
  2. Аттестациядан өтуге жалпы 23 педагог өтініш білдірді.Оның ішінде 12 ұстаз педагог-модератор, 2 ұстаз педагог-сарапшы санаттарын қорғады.Ал 9 ұстаз Ұлттық біліктілік тестілеуден өтпеді.
  3. Мектепте жылдың басында 14 жас маман болып бекітілді, қараша айында тағы екі мұғалім қосылып, 16 жас маман болды.Олармен жоспар бойынша тәлімгерлер, мектеп психологтары және жоғары деңгейдегі мүғалімдер семинарларды өткізіп, қолдау көрсетуде.

Оң жағы:

Мұғалімдердің мектепішілік және қалалық, облыстық сайыстарға,олимпиадаларға,жарыстарға, ғылыми-практикалық конференцияға оқушыларды белсенді түрде қатыстыруда.

Оқу жылының басында мектеп бойынша педагог-психологтың қатысуымен қабілетті оқушылардың тізімі алынды. Әр пән мұғалімі өз пәні бойынша қабілетті оқушылар үшін жеке жұмыс жоспарларын жасап, жыл бойы жұмыс жасауда.

Қазан айында  Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік        І кезеңі өткізілді. Оған барлығы 278 оқушы қатысты. Соның ішінде 9-11 сынып оқушылар арасынан қалалық олимпиадасына 25 оқушы , 8 сынып оқушылары 10 оқушы жолдама алды.Қасым Аманжолывтың 110 жылдық мерей  тойына орай қалалық сайыс өткізілді, мектебімізден дарынды оқушылар қатысып, алғыс хатпен марапаттталды. Атап айтатын болсақ, Байназарова Асемай және Ерданай Аружан жетекшісі Қайырбек Сауле.

Республикалық лингвистикалық олимпиаданың қалалық кезіңіне қатысқан 8 «А» сынып оқушысы Ерғали Айда III дәрежелі дипломмен марапатталды.   Облыстық «Cleaver-2021» олипиадасының қалалық кезеңіне ағылшын тілі пәнәнен қатысқан   4 «А» сынып оқушысы Умарова Ақниет  I дәрежелі Диплом  алды. жетекшісі Ташмуханбетова Айнур, Омаркасова Ғалияның оқушысы Талғат Кәусар жүлделі орынға ие болды.     

Қыркүйек , қазан, қараша  айларында тіл шебері жоспар бойынша  оқушылардың шығармашылық сайыстарға қатысуына келетін болсақ,  оқу жылының басында қыркүйек айында      «Ана тілім құдыретім», « Қазақ тілім-ұлттық тіл» шығармалар сайысы өтті, сайысқа оқушылар белсене қатысты  жетекшісі Қасымова Сандуғаш.

        Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қазақ халқының тілін, салт-дәстүрін,мәдени мұраларын дамыту мақсатында өткен «Ел танығым келеді» мектепшілік сайыс өтті. Сайысқа 6-ші сынып оқушылары белсене қатысты жетекшісі Салдатхан Күмісхан мен Телек Риза .

Бастауыш сыныппен «Ертегілер елінде»  қойылым ұйымдастырып 2-3 cыныптардан оқушылар қатысты.Жетекшілері Аманелдиева Мадина мен Ташмуханбетова Айнур.

Оқушылардың ой өрісін дамытуға логикасын дамыту барысында интеллектуальная викторина  «Своя игра» сайысы өтті 9-ші сынып оқушыларымен ойын түрінде жүргізілді.Ойынға оқушылар белсене қатысты жетекшісі Мырзаханова А 

Оқушылардың шапшаңдығын ескеріп мәнерлеп оқу сайысы өтті .Сайысқа 8 ші сынып оқушылары белсене қатысып мадақтамалар алды,жетекшісі Адауова Жамилия.    “АЛТЫН САҚА” математикалық олимпиадасының  мектепішілік кезеңі 08.10.2021ж өтті. Мектепішілік кезеңге  барлығы 18 оқушы қатысты.Олимпиаданың аудандық кезеңі 22.10.2021ж өткізілді. 5-6 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған  5 сыныптан 3 оқушы, 6 сынытан 3 оқушы аудандық кезеңге жіберілді. Олар Башаров Диас, Рашидқызы Назерке, Аманов Мансур Олжасович, Агимбаев Умар, Айбуланұлы Мұхаммед, Қуанбекұлы Әлихан. Аудандық кезеңде 5 сыныптардан Қуанбекұлы Әлихан, 6 сыныптардан Рашидқызы Назерке ең жоғарғы баллды жинады.

Қазан айында Жакыпбекова А.М. және Тобаназаров Н.М. 8-11 сыныптар арасында дебат пікірталасы, онлайн түрде жүргізілді. Жеңіске жеткен «Дарын» тобы қалалық сайысқа жолдама алды (жетекшісі А.М.Жакыпбекова). Қалалық дебат пікір сайысында  11 сынып оқушылары : Искаков Ерасыл мен Тұрдыбек Жансая «Дарын» тобы қатысып Бас жүлдені жеңіп алды.«Алғыс хатпен» марапатталды.  Облыстық пікір сайысқа барып, V орын иеленді.

Дене шынықтыру, АӘД  және көркем еңбек пән мұғалімдерінің алған жетістіктері көп. Мысалы Климов С, Пирназаров А,Нурмаганбетов С, Аймаханов Е, Сейтбергенов С, Шакизадаев Н,Алиев Д, Купешов М, Болысхан Е әртүрлі спорттық түрінен  қалалық деңгейде жүлделі орындарға ие болды.

 9 сынып оқушысы Мухамедкалиева М «Менің арманымдағы мамандық»қалалық шығармашылық жұмыстар байқауында «Коллаж»номинациясы бойынша ІІ-орын алғаны үшін Мадақтама. Жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Шакенова Л.Б. Теміртау қаласы білім бөлімінің шығармашылық жұмыстарына  белсене қатысып жоғары кәсіби біліктілік танытқаны үшін «№4 ЖББМ» КММ директорының орынбасары Мадақтама Шакенова Л.Б. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Еуразиялық Дизайнерлер Одағы. За заслуги в развитии дизайна Медаль Алтаева А.З. Высшей степени Евразииский Союз Дизайнеров награждает Диплом Алтаева А.З.Сертификат Алтаева А.З. приняла участие в международной ретроспекти                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          вной выстовке. Қазақстан республикасы «Көркем еңбек» пәні ұстаздарының Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай өткізілген «Бабалар аманаты» тақырыбыдағы республикалық онлайн көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Диплом Камбаар Л.

 

Теріс жағы:

-25 мұғалімнің санатсыз болғаны, 10-20 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдердің санаттары –педагог-модератор.Бұл нені білдіреді?..

-5-6  сынып оқушылары 14 оқушы қалалыққа жолдама алып, нәтижесінде  ешқандай оқушы орын алмады.

-Мұғалімдердің мотивациясы жоғары оқушылармен қосымша дайындық сабақтары жүйелі түрде өткізілмеуі. Яғни оқушылардың және пән мұғалімдерінің арасындағы байланысы төмен екенін олимпиада нәтижесінен көріп отырмыз.

- ӘБ жетекшілері пән мұғалімдерінің дарынды  және мотивациясы төмен оқушылармен  жоспар бойынша жүргізілетін жұмыстарының қадағаламауынан, барлық жағынан сапа көрсеткіші, өкінішке орай ойдағыдай емес.

-Мұғалімдердің пәндік сайыстарға, олимпиадаларға, ҒПК конференцияларға, тәжірибе тарату бойынша семинарларға қатыспауы;

- Мұғалімдердің газет-журналдарға мақала жарияламауы, әртүрлі әдістемелік құралдарды  мектепішілік, қала, облыс деңгейде қорғамауы, веб сайттарды мысалы ютуб немесе инстаграмм, телеграмм каналдарын пайдаланып әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды, сабақтардың видеоларын жүктемеуі.

 

 

 

 

 

Шешу жолдары:

  • мектеп психологы дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың жоспарын нақтылау, жүйелендіру;
  • ағылшын тілі, жаратылыстану, МИФ  ӘБ пәндерінің мұғалімдеріне дарынды оқушылармен жұмысты нақты нәтижеге бағыттап ұйымдастыру;
  • мектептің бейіндік бағыты бойынша оқытылатын қазақ тілі, орыс тілі пәндерінің нәтижесін сапаландыру;
  • әдістемелік бірлестік жетекшілеріне пәндер бойынша дарынды оқушыларды  олимпиадаларға, шығармашылық деңгейдегі мектепішілік,қалалық, облыстық байқаулар, зияткерлік ойындарды  жүйелі түрде жоспарлап, өткізу.
Новости