Мемлекеттік рәміздер – елдің негізі
Мектеп жанындағы лагерь жоспарына сәйкес күніміз әнұран айтумен басталды. Лагерь балалары тәрбиешілер дайындаған «Мемлекеттік рәміздер – елдің негізі» атты сынып сағатына қатысты. Сынып сағатының мақсаты:
-Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихының маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
-Оқушының есте сақтауын дамыту , өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
- Оқушыларды отансүйгіштікке, адамершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.