23 ақпан күні Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласының білім бөлімінің "№2 ЖББМ" КММ - де "нашақорлық-болашақсыз өмір"тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты балалар мен жасөспірімдердің болашағына қауіп ретінде қазіргі заманғы синтетикалық есірткілердің,дәріханалық нашақорлықтың туындау проблемасын қарастыру; жасөспірімдердің есірткінің заңсыз айналымына қатысуының құқықтық салдары және олардың жеке тұлғаға әсері туралы ата-аналардың назарына сенімді ақпарат жеткізу;ата-аналарда осы проблеманың қазіргі қоғамдағы маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру. Іс-шара барысында ата-аналарға сайт атаулары жазылған парақшалар таратылды.(68 адамды қамту)
"Нашақорлық-болашақсыз өмір"тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы