back-image
КГУ "Школа-гимназия №17"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Школа-гимназия №17"
Хабарландыру
15-08-2022 22:09
Хабарландыру

1. Қарағанды облысы Білім басқармасыныңСаран қаласы білім бөлімінің "№17 мектеп-гимназия" КММ педагогтердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды (оқу жүктемесі 16 сағат)

Орналасқан жері (мекен-жайы): 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Абай көшесі, 25а, тел. 8 (72137)72310, еmail: saransh17@mail.ru

1.1 Дефектолог-логопед-1 штат бірлік;

1.2 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі-1 штат бірлік;

1.3 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі-1 штат бірлік (декреттік демалыс уақытына);

1.4 Математика мұғалімі-2 штаттық бірлік;

1.5 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-1 штат бірлік;

 

2. Лауазым бойынша кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.

 

3.Функционалдық міндеттері:

Дефектолог-логопед: психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын іске асырады, кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді; ерекше білім беру қажеттіліктеріне командалық бағалау жүргізуге қатысады; білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді; Жеке оқу, Жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке-дара білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүргізеді; (кіші топтық, топтық) сабақтар.

Барлық мамандықтар мұғалімдері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады; білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады; инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды.

4. Айлық жалақы мөлшері:

Дефектолог-логопед: Білімі жоғары, санаты жоқ  126 977теңгеден  146 487 теңгеге дейін;

Барлық мамандық мұғалімдері: Білімі жоғары, санаты жоқ  126 977 теңгеден  146 487 теңгеден; арнайы орта, санаты жоқ 102 820 теңгеден 115 518 теңгеге дейін.

 

 5. Қарағанды облысы Білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің "№ 17 мектеп-гимназиясы" КММ хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттарын қабылдайды.

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық түрде немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы қағидалардағы № 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ҰБТ сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың №11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы;

Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады (болған жағдайда).

Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуі болмаса кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

 

Новости