back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Габидена Мустафина"
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Габидена Мустафина"
4 ақпан күні 2022 жыл "Өнегелі өмір" атты 5 сыныптар арасында, кездесу өтті.
07-06-2022 11:59
Қарағанды облысы білім басқармасының, Теміртау қаласы білім бөлімінің Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебінде ақпан айының төртінші жұлдызында "Өнегелі өмір" атты 5 сыныптар арасында, кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты : «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарағанды жерінің дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту.
Жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс-тәжірибесімен,бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және кәсіби бағдарлау.
Кездесу зум форматында, Журналист, Республикалық «Астана» телеарнасының Қарағанды облысы бойынша тілшісі Қуаш Айжан Қуанғанқызымен өтті. Өте мағыналы, тәбиелік мәні зор әңгіме өрбіді. Оқушылардың да журналистика саласына қызығушылығыда бар екені байқалды. Бесінші сынып жетекшілері мен бірлесе өтілді 
Новости