back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Габидена Мустафина"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Габидена Мустафина"
Жас мамандармен жұмыс
14-06-2022 11:33
Жас мамандармен жұмыс
22.02.2023 жылы 8 “А” сыныбында ағылшын тілі пәнінен “Travel and Transport” тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: оқушылардың критикалық ойлауын дамыту, кең ауқымы бойынша мәтіндердегі негізгі ойларды түсіну. Ашық сабаққа оқушылар белсене қатысты.
Сабақта Дартс Викторинасы, сәйкестендіру, Боулинг ойыны, шеңбер стратегиясы қолданылды. Сабақтың төрт дағдысы толығымен қамтылды.
Пән мұғалімі: Н.А.Сарбалаев
 
 
 
 
 
14.02.2023 жылы 7 “В” сыныбында ағылшын тілі пәнінен “Әлемдегі музыка түрлері” тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа оқушылар белсене қатысты.
Үй тапсырмасын "Колесо фортуны"стратегиясы қолдану арқылы тексерілді. Сабақтың төрт дағдысы толығымен қамтылды.

Пән мұғалімі: Социал Ж.Т.

 

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

2022 жылдың 08 желтоқсан күні мектебіміздің жас маманы Жуманова Ақжүніс Серікқызы 6 «А» сыныбында математика пәні бойынша « Жақшаларды ашу. Коэффицент» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ мектебіміздің 20 жылдық мерейтойына орай өткізілді. Ашық сабаққа зейнеткер – ұстаздар қатысып, жоғары деңгейде өткізілгенін атап айтты.
 
 
Жас мамандармен жұмыс.
 
Мақсаты:  Жас мамандарға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал мен жақсы қарым-қатынас қалыптастыру,жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру, әдістемелік және психологиялық кеңестер беру.
Қатысқандар: ДӘІЖО   К.Ж.Бактыбаева және ағылшын тілі пәні мұғалімі  А.Хавдолда,жас педагогтар-10.
«Жас мамандармен»  өткізілген  отырысымызда біраз әдістемелік көмектер, керекті мәліметтермен ақпараттар берілді.
Қолданылған әдістер:
1.«Мен және менің ұжымым», «Жақсы көңіл-күйжан азығы» тренингтері:
2.Арттерапия элементтері (Фототерапия )
Мектебіміздің жас мамандарына әдістемелік көмектер беріліп, көкейтесті сұрақтарға жауаптар берілді. Еңбек жолын жаңадан бастаған педагог жас мамандардың психологиялық хал-ахуалын, ұжыммен және оқушымен өзара қарым-қатынас жасауда жағымды ахуал қалыптастыруға психологиялық көмек көрсетуде төмендегі жадынама берілді.
  • Жоғары баға алу үшін не нәрсені көбірек білу керектігін айтыңыз;
  • Сабақты қоңыраумен бірге бітіріңіз;
  • Кезекшілердің міндеттерін еске салыңыз;
  • Артық айтылатын ескертуден сақ болыңыз,
  • Оқушылардың тәртіпсіздігі кезінде басқалардың көмегіне жүгініңіз.
бірақ есте сақтаңыз:
  • Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделі,сізге пайда келтірмейді,керісінше зиянын тигізеді.Ең жақсысы сыныптан қолдау күтіңіз.
  • Педагог екеніңізді танытып,баланың жан жан –дүниесін түсінуге,өзіндік кілтін табуға тырысыңыз.
  • Жеткіншектердің психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескеріңіз.
  • Қандай жағдай болмасын сабырлық танытып, бала өз қатесін түсінетіндей жағдайға келіңіз.Қателік сізден кетсе, оңаша болғанда өз қателігіңізді мойындаңыз.
Педагог-психологтар тарапынан жас мамандарға  фототерапия жүргізіліп, ой-пікірлері тыңдалды. Берілген жадынама туралы жас мамандар өз ойларын ортаға салды.
Жас мамандар ұстаздық қызметінің алғашқы жылдарында-ақ, бар күш-жігерін жұмысқа арнауы керек. Жас маман өз бетінше оқып,үйренуге,оқушыны баулуға міндетті.жеке көзқарасы бар және  соны  қорғай білетін маман  мұғалім болуы қажет.
Жас мамандар жүрек жарды тілектерін жақсы көңіл-күймен өз ойларын ортаға салып, осы пікірталастан алған әсерлерімен бөлісті. Жағымды қарым-қатынас жасауды үйренуге болады, бірақ ол үшін оны үйренуге ұмтылу керек екендігін өз ұжымдарының қарым-қатынас деңгейіне көңілдері толатындығын айтып ой қорытындылады. Мектеп педагог-психологы тарапынан психологиялық кеңестер берілді. Қорқыныш, қобалжу  сезімі бар жас мамандарға кеңестер беріліп, позитивті ойын жаттығулары мен логикалық сұрақтар қойылып, әңгімелесулер  жүргізілді. Жас мамандарға директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары К.ЖБактыбаева, тәжірибелі ағылшын тілі мұғалімі А.Хавдолда және педагог-психологтар тарапынан педагогикалық-психологиялық көмектер берілді.
Новости