back-image
КГУ "Школа - лицей имени Бауыржана Момышулы"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Школа - лицей имени Бауыржана Момышулы"
Информация по безопасности на водоемах города Темиртау в купальный сезон
01-07-2022 13:31
Информация  по безопасности на водоемах города Темиртау в купальный сезон

Шомылу маусымындағы Теміртау қаласының су айдындарындағы қуіпсіздік жөніндегі ақпарат

 

Теміртау қаласының ТЖ басқармасы халықпен өткізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, су айдындарында 2 адамның қаза болу оқиғасы тіркелгендігін хабарлайды.

21-маусымда Самарқанд су қоймасының акваториясында «Солнечная лагуна» демалыс аймағына жақын жерде 2006 ж.т. жасөспірім суға батып кеткен.

22-маусымда «Черёмушки» саяжай қоғамының аумағында Нұра өзенінің бұрынғы арнасында  2006 ж.т. жасөспірім суға батып кеткен.

Қаза болу оқиғасының екеуі де шомылуға арналмаған орындарда орын алған.

Сондай-ақ 2006 ж.т. жасөспірімнің «Солнечная лагуна» демалыс аймағында тыйым салынған жерде сүңгу кезінде жарақат алу фактісі бар.

Су айдындарында адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында Теміртау қаласының ТЖ Басқармасы азаматтардан судағы қауіпсіздік қағидаларын мүлтіксіз сақтауды сұрайды, атап айтқанда:

  1. Тереңдіктің ауытқуы мен су түбінде жарақаттану қаупі бар болғандықтан тыйым салынған орындарда және табиғи жағажайларда шомылмаңыздар;
  2. Балалардың су айдындарында ересектердің қарауынсыз болуына тыйым салынады;
  3. Көпірлерден, айлақтардан, қайықтардан және осы мақсаттарға арналмаған басқа да жерлерден суға секіруге болмайды;
  4. Өтіп бара жатқан қайықтар мен кемелердің жанына жүзіп бармаңыз;
  5. Су төсеніштері мен үрленетін шеңберлерді пайдаланбаңыз, өйткені олар көбінесе жағадан алыстатып әкетіп, аударылып шыға алмай қалу қаупі бар; балаларды суға тек жүзу кеудешесімен немесе жеңқаптарымен жіберіңіздер;

 

Сондай-ақ, Теміртау қаласының аумағында суға түсуге тйым салынған орындар анықталғандығын хабарлаймыз:

- құм және тас өрімі;

- «АМТ» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС техникалық каналдары;

- саяжай қоғамдарының жасанды су айдындары,

- «Лагуна» кафесі және «Ритуал» зиратының маңындағы қазаншұңқырлар;

- Нұра өзенінен өтетін көпірдің маңайы;

- Ақтау кентіне жақын жердегі Левер су қоймасы;

-жабдықталған жағажайлардан басқа, Самарқанд су қоймасының барлық акваториясы

Самарқанд су қоймасының жағалауында ұйымдастырылған суға түсу орындары орналасқан, атап айтқанда 3 жағажайда: қалалық, «Сан-Тропе» және «Жемчужина», сондай-ақ конверторлық және домна цехі, «Дружный», №1 ТИЦ, №2 ТИЦ,  №3 ТИЦ, КХӨ, «Солнечная лагуна», ЭКО «Ракета» демалыс аймақтарында және «LOFT», «Космонавт», СОК «Восток-1» демалыс базаларында.

Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364,440,412,582 бабтары бойынша әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатындығын ескертеді.

ТЖ және оқиғалар орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар.

 

Теміртау қаласының ТЖД басқармасы

Новости