
2024 жылғы 9 қазанда ҚММ «Қыздар гимназиясында» 7-11 сынып оқушылары Теміртау қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Бекенова А.Е. мен кездесті.
Кездесу барысында оқушыларға есірткі құралдарын қолданудың және таратудың зияны мен қылмыстық жауапкершілігі туралы айтылды, сондай-ақ нашақорлықтың салдары туралы ақпараттық бейнеролик көрсетілді. Әңгіме барысында жыныстық тиіспеушілік және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде жүруі туралы тақырыптар қозғалды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, «Новая поликлиника» ЖШС-нің психологтары «Буллингтен еркін мектеп» және «Эмоционалдық тұрақтылық» тақырыптарында әңгіме өткізді.
Психологтар:
???? Сергованцева Елена Викторовна
???? Кабельдинова Татьяна Борисовна