back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Апталықтар
06-09-2022 14:14

 

.

1.  https://instagram.com/p/CiuwSSGjCJh/

2.  https://instagram.com/p/Ci2dZDLj6te/

3. https://instagram.com/p/Ci2rOX9oKeA/

4. https://instagram.com/p/CiyujQlIzjt/

«Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі»  атты апталығының қорытындысы

      Теміртау қаласы ББ «№9 лицейі» КММ –де  2022 жылдың 19-ші қыркүйек пен 26-ші қыркүйек  аралықта  «Дұрыс тамақтану» апталығы ұйымдастырылып, оқушыларға тамақтану ережелері таныстырылып, ақпарат берілді.

       Жоспар бойынша сынып жетекшілері  «Ас -  адамның арқауы» денсаулық бұрышын әзірлеу  арқылы оқушыларға денсаулықтың қаншалықты  адам өміріне маңыздылығын түсіндіріп өтті.

       Лицей аспазшылары да өз үлестерін қосты. Асхана бұрышына «Астарың дәмді болсын!» бұрышын ұйымдастыру арқылы оқушыларымызға таңғы астың қаншалықты маңыздылығына ақпарат берілді. 3-4 сыныптардың сынып жетекшілері де тақырыптық сынып сағаттары «Тиімді тамақтану –денсаулық негізі»,«Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі» өткізді. Оқушыларға жан –жақты тамақтану мәзірі мен құнарлығы бойынша ақпараттармен бөлісті. 5-6 сыныптардың сынып жетекшілерімен бірге медбике «Дұрыс тамақтану пирамидасы және ережелері» атты ақпарат берді. «Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі» атты тақырыпта 7-8 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері эссе жүргізді.. «Тамақтанудың ережелері» тақырыбында 9 сыныптардың сынып жетекшілері 1-ші қабаттың теледидарына апта бойынша бейнероликтер мен презентация қою арқылы 1-11сынып оқушыларына маңызды ақпараттар берілді. 

Сонымен қатар денешынықтыру мұғалімдері мен 9-11 сыныптардың сынып жетекшілері «Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты» тақырыбында апта бойы бірге  таңғы жаттығу жасау арқылы оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану бағына қарай баулыды.

     Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Дұрыс тамақтану ережелері:

• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;

• Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;

• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

       Қорытындылай келе, «Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі» атты  апталықтың өз деңгейінде өтуіне ұжым болып белсене қатысу арқылы оқушыларға құнды ақпараттар берілді.

Орынд: директордың ҚТЖ орынбасары М.Т.Асадова

1. 16.01-20.01.2023ж аралығындағы "Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі" атты апталықта жоспар бойынша бектілген іс-шаралар жүргізіліп сараптамалық мониторинг топпен,асхана кызметкерлерімен жұмыс жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/Cnooqvqo0gP/?igshid=NDdhMjNiZDg=

2. 24.01.2023ж "Жалпыға міндетті оқу" қорының қаражаты есебінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларында тәрбиеленіп жатқан оқушыларының тамақтануы мен бюджет қаражаты есебінен тамақтанатын оқушылар 

https://www.instagram.com/p/CnyX99QIChx/?igshid=NDdhMjNiZDg=

Новости