back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
"Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы"КММ педагог қызметкерлеріне арналған конкурс!
22-09-2022 14:04

Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ

        2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына педагогтерді жұмысқа қабылдау 2022 жылдың 29 қыркүйегінде өтеді.

        Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (19.11.2021 № 568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

        Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.кz» және гимназиямыздың ресми сайтына жарияланады.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 20.09 - 28. 09 дейін жүргізіледі. Мекен- жайы: Теміртау қаласы, Б.Момышұлы, 91. Тел. 955407 Конкурстың өтетін уақыты: 29.09. 2022 жыл 2022-2023 оқу жылына төмендегі бос орындар бар:

• Ағылшын тілі пәні мұғалімі- 2 жүктеме

• Орыс тілі пәні мұғалімі - 14 сағат

Қазақ тілі пәні мұғалімі – 14 сағат

• Математика пәні мұғалімі – 13 сағат

• Алғашқы әскери дайындық технологиясын ұйымдастырушысы - 1 жүктеме

• Педагог –ұйымдастырушы - 1 жүктеме

• Кәсіби бағдар беруші педагог- 1 жүктеме

           Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес тапсырылады, гимназия үшін педагогикалық еңбек өтілі бар үміткердің педагог – сарапшының, педагог –зерттеушінің, педагог –шебердің біліктілік санатының болуы міндетті.

           Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам төменде көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Новости