back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ 2022-2023 оқу жылындағы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының қорытынды есебі
08-12-2022 15:36
Қарағанды облысы білім басқармасының         Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ                 2022-2023 оқу жылындағы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының қорытынды есебі

                                         Қарағанды облысы білім басқармасының        

Теміртау қаласы білім бөлімінің

«Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ 
               2022-2023 оқу жылындағы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының

қорытынды есебі

 

ҚР Білім және ғылым министрінің бастамасымен,  облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен, Қазығұрт ауданының білім бөлімінің 31.07.2017 жылғы хатын басшылыққа ала отырып, мектеп директорының №1-067 бұйрығына сәйкес 1тамыздан 30 тамызға дейін «Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы жұмыстары мектепте жүргізіліп отырды. 

Акция мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуеттік сеептер бойынша балалардың мектепке армауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. 
Акция ұраны: «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету»

Акция басталған күннен бастап, айлық жоспар құрылып, демеушілер мен кәсіпкерлерді тарту мақсатында ақпараттық парақшалар дайындалды. Акция мақсатын алға тарта отырып, мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайларын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында жетім бала, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы отбасы балалары, толық емес отбасы балаларын тізімге ала отырып, ондағы күн көрісі төмен отбасы балаларын, көмекке мұқтаж отбасы балаларын акция төңірегінде көмек беру көзделді.

Қайырымдылық ізгіліктің көрінісі.Жақсылық жасаушының жолы ашық демекші                             30-ші тамыз күні «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясында» да «Мектепке жол»  акциясы өтті.Акцияға қаламыздың іскер азаматтары мен жеке кәсіпкерлерінен 65000 теңге көлемінде қаржы түсті. Қамқорлық кеңес және комиссия мүшелерімен шешім қабылданып,жиналған қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен және жартылай жетім              5 оқушыға (Шерікбайұлы Арғынбек, Шерікбай Айжан, Наурызхан Арайлым, Лян Жарас, Лян Әлихан) мектеп формасы мен оқу құрал жабдықтары алынып берілді.  

Оқу құрал жабдықтарынан:  5 сурет альбомы, 50 қарындаш, 50 қалам, 5 сызғыш, 5 пенал,5 өшіргіш берілді.

Киімнен: 2 спорттық киім және 3 мектеп формасы таратылды.

Орындаған : «Әлихан Бөкейхан атындағы

гимназиясы» КММ

әлеуметтік педагогы: Г.Хайрат

Новости