back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«Бір күндік тәжірибе алмасу»
09-12-2022 14:29
«Бір күндік тәжірибе алмасу»
«Бір күндік тәжірибе алмасу» 
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясының» 30 оқушы, 10 мұғалімі  Қарағанды қаласындағы «Н. Нұрмақов атындағы мектеп-интернатқа» барып «Бір күндік тәжірибе» атты кездесуін өткізіп қайтты. Мақсаты: Нұрмақов мектебінің мұғалімдерінің негізгі пәндерден олимпиадаға қатысатын оқушыларды қалай дайындайтын тәжірибесінен үйрену еді. Кездесу екі жаққа да өте жағымды әсер қалдырды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан қарсы алып, олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісіп әсерлі ақпарат берген олимпиада жұмысына жауапты жетекші маман Данияр мырза мен директордың орынбасары Зәуреш ханымға алғысымыз шексіз.  Екі жақты кездесу одан ары  кабинеттерде өрбіді.Онда әр пәннен Нұрмақов мектебінің оқушыларымен бірге химия, физика, биология, математика, география, ағылшын тілі, қазақ тілі,  Қазақстан тарихы, информатика пәндерінен бірлескен дайындық жүргізілді. Сонымен қатар кітапхана,  оқырман залы жұмысын жүргізу барысы, робототехника кабинетіндегі дайындық жұмыстарымен танысып, үлкен әсер алдық. Мектептің әр қабаты құндылықтарға негізделген білім беру мақсатында қанатты сөздермен айшықталған. Облысымыздағы озық білім ошағында бір күн нәтижелі өткізгеніміз үшін   мектеп басшысы, әкімшілік және Данияр Бақтиярұлы бастаған жетекші мамандарға гимнащия атынан алғысымызды білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз! 
К. Бопан
Новости