back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
4 қаңтар — Брайл әліпбиінің дүниежүзілік күні.
05-01-2023 12:27
4 қаңтар — Брайл әліпбиінің дүниежүзілік күні.
4 қаңтар — Брайл әліпбиінің дүниежүзілік күні.
Бүгін, 4 қаңтар- Дүниежүзілік Брайль әліпбиі күні (World braille Day) атап өтіледі. Бұл Луи Брайльдың ойлап тақпан, бүкіл әлем бойынша миллиондаған көру қабілеті нашар адамдар қолданатын оқу және жазу жүйесі.
Мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының 2018 жылғы 17 желтоқсандағы резолюциясымен белгіленіп, ал 2019 жылы алғаш рет атап өтілді: 4 қаңтарда өнертапқыштың туғанына 210 жыл толды.
Брайль әліпбиі дегеніміз не?
Бұл алты нүкте арқылы берілген әріптік және сандық таңбалар. Олар барлық әріптерді, сандарды, тіпті музыкалық, математикалық және ғылыми белгілерді қамтиды. Мұндай алфавитті соқыр және нашар көретін адамдар визуалды қаріптермен басылған кітаптарды, газеттер мен журналдарды оқу үшін пайдаланады.
Брайль алфавиті қалай пайда болды?
Брайль шрифті бастапқыда "түнде жазу "деп аталатын әскери жазу тәсілі ретінде пайда болды. 1819 жылы оны француз әскери күштері түнде дауыс шығармай  сөйлесу үшін қолдана бастады. 15 жастағы француз Луи Брайль осы кодты зерттеп, бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатқан Брайль кодын жасады.  
Брайл үш жасында шеберханада көзін жарақаттап алады. Бес жасында баланың көзі мүлдем көрмей қалды.  Ата-анасы баласына білім беруге және оның дамуы үшін қолдарынан келгеннің барлығын істеуге тырысты. Луи ауылдық мектепке барды. Өзінің ақылы мен ерекше есте сақтау қабілетінің арқасында жақсы оқыды. Әкесі оған тақтайға шегелерді қағу арқылы әріптердің кескінін шығарып, оқуды үйретті. 10 жасында әртүрлі жастағы балалар оқитын Париждегі зағиптерге арналған Корольдік институтқа жіберді. Луи Брайль 12 жасынан бастап, зағиптерге арналған алфавитін әзірлеу үшін тәжірибелерін бастады. Күндіз сабаққа барып, ал кешке өзінің жүйесін ойластырды. 15 жасында бұл жұмысын аяқтады. Сөйтіп оның рельефті-нүктелі шрифтінің соңғы нұсқасы 1837 жылы пайда болды. Бүгінгі таңда Брайль әдісі бүкіл әлемде қолданылады.
Новости