back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ
10-01-2023 16:53
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ 2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына педагогтерді жұмысқа қабылдау 2023 жылдың 19 қаңтарында өтеді. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (19.11.2021 № 568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.кz» және гимназиямыздың ресми сайтына жарияланады. Конкурсқа құжаттарды қабылдау 10.01.2023 - 18.01.2023 ж. дейін жүргізіледі. Мекен- жайы: Теміртау қаласы, Б.Момышұлы, 91. Тел. 955407 Конкурстың өтетін уақыты: 19.01. 2023 жыл 2022-2023 оқу жылына төмендегі бос орындар бар: • Бастауыш сынып мұғалімі - 1 жүктеме • Ағылшын тілі пәні мұғалімі- 1 жүктеме • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- 1 жүктеме • Логопед - 1, 5 жүктеме • Педагог-ассистент - 1 жүктеме • Педагог- ұйыдастырушы- 1 жүктеме • Қосымша білім беру маманы - 1 жүктеме • Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме •Әлеуметтік педагог- 1 жүктеме • Директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары- 0,5 жүктеме Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес тапсырылады, гимназия үшін педагогикалық еңбек өтілі бар үміткердің педагог – сарапшының, педагог –зерттеушінің, педагог –шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам төменде көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Новости