back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ
07-02-2023 14:08
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ Олимпиада – білім додасы, жеңімпаздарға сәттілік! Теміртау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі 9-11-сыныптар арасында 2023 жылдың 30 қаңтарынан 03 ақпан аралығында ұйымдастырылып өткізілді. Өткен оқу жылымен салыстырғанда биылғы оқу жылы үлкен олимпиаданың қалалық кезеңінің ұйымдастырылуы ұтымды болды. Бір күнде оқушы екі кезең тапсырмасын бір мезетте орындап, сол күні нәтижесі хабарланып, ертеңіне апелляция ұйымдастырылып отырды. ​9-11-сыныптар бойынша мектебімізден барлығы 21 оқушы қатысып, 13 жүлделі орынға ие болғаны қатысушылардың 61,9% сапасын көрсетіп отыр. Жекелеген пәндер бойынша атап айтсақ 10- сынып оқушысы Адилбекова Нурсипат қазақ тілінен І орын, 11- сынып оқушысы Саттерова Жанерке ІІІ орын, 10-сынып оқушысы Нұрмұхаммедқызы Арайлым қазақ тілінен ІІІ орындарды иеленді, мұғалімі Айкеева Г.Б., 9-сынып оқушысы Сатыпалды Арай қазақ тілінен ІІІ орын, мұғалімі Тоймырзаева Р.А. Орыс тілінен 11-сынып оқушысы Алиева Назерке І орын, 10-сынып оқушысы Нургалиева Алира ІІ орын, 9-сынып оқушысы Амерханова Азиза ІІІ орындарды иеленді, мұғалімі Кукимова Ш.Т. Ағылшын тілінен 10-сынып оқушысы Рахамдолда Мансұр ІІ орын, 11-сынып оқушысы Базарбаев Руслан ІІІ орын иеленді , мұғалімі Калима Бопан, ал 9- сынып оқушысы Аманкелді Айсауле ІІІ орын иеленді, мұғалімі Кусаинова К.Ж. География пәнінен 9-сынып оқушысы Төлеу Карина ІІ орынға ие болды, мұғалімі Досмуратова Ж.Ш. Облыстық олимпиадаға мектебімізден 5 оқушы қатысып, гимназия намысын қорғайтын болады, олар: Адилбекова Нурсипат, Рахамдолда Мансұр, Алиева Назерке, Нургалиева Алира, Толеу Карина. Білімнің намыс додасынан алға шыққан гимназистерге сәттілік тілейміз! Алда тұрған міндеттеріміздің бірі жаратылыстану-математикалық пәндерінен дайындық сапасына назар аудару, серіктес мектептердің және жоғары оқу орындары мұғалімдерімен бірлескен сапалы дайындықтар жүргізу қолға алынады. Ақпарат жазған директордың орынбасары К.Бопан
Новости