back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«Өнегелі өмір» жобасы аясында жас мамандарды кәсіби баулу»
24-02-2023 14:49
«Өнегелі өмір» жобасы аясында жас мамандарды кәсіби баулу»
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясында» гимназия директоры Куралай Ақназарқызының басшылығымен
2022 жылдың 2 желтоқсанында «Өнегелі өмір» жобасы аясында жас мамандарды кәсіби баулу» тақырыбында  БАҰО «ӨРЛЕУ» АҚ Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы, СТО тренері, ұстаздардың  ұстазы -  Ғазиза Ғабдоллақызы Смагуловамен  қалалық танымдық-кездесу болып өтті. 
Мақсаты:құндылықтар негізінде білім беру мақсатында жас мамандарға кәсіби қолдау көрсету, тәжірибелі мамандармен кездесу арқылы кәсіби біліктілігін жетілдіру болды.
Танымдық – кездесуде Ғ.Ғ.Смагулованың еңбек жолы жөнінде бейне таныстырылым көрсетіліп, «Жас мамандарды құндылықтар негізінде кәсіби баулу» тақырыбында сыр-сұхбат өтті. Сонымен қатар «Эссе жазудың тиімді тәсілдері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, педагог-сарапшы  Г.Б.Айкеева мен А.Дуйсенбай workshop өткізіп өз тәжірибелерімен бөлісті.
Танымдық - кездесуге қала мектептерінен 18 жас маман, гимназияның педагогикалық бейін бағытындағы  10-сынып оқушылары, Теміртау қаласы білім бөлімінің әдіскерлері  Е.К.Кудайбергенова, А.С.Тунгушбаева, Ж.Р.Тусупбекова қатысып, жас мамандарды кәсіби қолдаумен қатар болашақ педагог мамандары үшін кәсіби бағдарлы жоғары деңгейдегі танымдық-кездесу болды деп  қорытынды пікірлерімен бөлісті.
Новости