back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«Қайырымды клуб»
24-02-2023 15:22
«Қайырымды клуб»

9 желтоқсанда Гимназиямыздың «Өзін – өзі басқару» ұйымы мен «Қайырымды клуб» мүшелері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Тоймырзаеваның ұйымдастыруымен «Жылы жүрек – жомарт қол» тақырыбында гимназия оқушыларының өткізген «Қайырымдылық жәрмеңкесінің» нәтижесі бойынша Теміртау қаласындағы «Сегізінші Арнайы Мектеп-интернатындағы» оқушыларға арнап өз өнерлерін көрсетіп, ойындар ойнатып, балалардың көңіл - күйін көтеріп, сый – сияпаттарын көрсетіп қайтты. – Жан-жағымызға бір сәтке үңіліп көрелікші, Біз білмейтін, біз көрмейтін түрлі жағдайлар орын алуда. Аурушаң, қамқорлықсыз баланы көргенде көңілге қаяу түседі. Істің ең қайырлысы – қайырымдылық. Сәл де болса оларға үміт ұшқынын сыйлау үшін осы қайырымдылықты ұйымдастырдық. Мақсат: болашақ ұрпақтың бойына мейірім мен қамқорлықты сіңдіру.

Новости