03.02.2023. Қарағанды индустриалдық университетінің өкілдерімен бірлескен «Кәсіби бағдар беру» жұмысы аясында әріптестік кездесу өткізді.
03.02.2023. Қарағанды индустриалдық университетінің өкілдерімен бірлескен «Кәсіби бағдар беру» жұмысы аясында әріптестік кездесу өткізді.
Мақсаты: ұлттық құндылықтар негізінде білім беру аясында өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын дұрыс таңдау жолдарын көрсете отырып, таңдау пәндерінің маңызын түсіндіру.
Кәсіби бағдарлы кездесудің алғы сөзін «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия» директоры Нургалиева Куралай Акназаровна бастап, гимназияны бітіруші түлектерін және ортаңғы буын оқушыларын кәсіби баулып оқытудағы гимназия ерекшелігімен таныстырды. Қазіргі таңда кәсіби бағдарлы оқыту-өзекті мәселе екенін, осындай бірлескен іс-шаралар арқылы түсіндіру жұмыстары тиімді жүргізілетінін және оның мамандық таңдаудағы пайдасын да атап өтті. Сонымен қатар мамандық таңдау барысында ата-ана рөлін де нақтылап көрсетіп, білім алушы өзі қалаған мамандыққа қол жеткізудің көптеген мүмкіндіктерін, таңдау пәнін ертеден терең оқудың тиімділігін дәлелдер келтіріп сөйледі.
Кездесу қонақтарын бастап келген Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы - Қарағанды индустриялық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор, биология ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі өз сөзінде қоғамымызға қажетті мамандықтарды атап, ғылым көбінесе жаратылыстану бағытында екенін, ол іргелі ғылым болып аталатынына айрықша мән берді. Қоғамымызға жас ғалымдар керек екенін, олардың мектеп қабырғасынан білім алу бағытын нақтылаудағы ерекшеліктерге тоқталып, тұщымды кеңеспен қоса оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Умбетов Өмірбек Үмбетұлы¾ техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚарИУ ректорының кеңесшісі оқушыларымызға мамандық таңдап, оқу орнына түсуде «....алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалағаны» экономика жағынан да, мамандық меңгеруде де ұтымды жақтары көп екенін жақсы түсіндіре келе, жастар өз қаласының патриоты болуы үшін оқып білім алу керек деп оқушылардың қызығушылығын оятты.