2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына педагогтерді жұмысқа қабылдау 2023 жылдың 13 қыркүйекте өтеді.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (19.11.2021 № 568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.кz» және гимназиямыздың ресми сайтына «krguo.edu.kz» инстаграм«alihan_gimnaziasy» жарияланады.Конкурсқа құжаттарды қабылдау 04.09.2023 - 12.09.2023 ж. дейін жүргізіледі.
Мекен- жайы: Теміртау қаласы, Б.Момышұлы, 91. Тел. 955407
Эл. почта адрес: Bokeih@yandex.kz
Конкурстың өтетін уақыты: 13.09.2023жыл
2023-2024 оқу жылына төмендегі бос орындар бар, (педагог – сарапшы, педагог –зерттеуші біліктілік санаты міндетті):
1. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі – 1 жүктеме
Лауазымдық міндеті: білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.
2. Тарих пәні мұғалімі – 1 жүктеме
3. Биология пәні мұғалімі – 1 жүктеме
4. Көркем еңбек пәні мұғалімі (ер балаларға) – 1 жүктеме
5. Бастауыш сынып мұғалімі – 1 жүктеме
Лауазымдық міндет: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.
6. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме
7. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме
Лауазымдық міндет:тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.
8. Педагог-кәсіби бағдар беруші – 1 жүктеме
Лауазымдық міндет:мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.
9. Педагог-ассистент – 1 жүктеме
Лауазымдық міндет:психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.