ал, қанекей, әжелер!
17.03 күні гимназиямызда Наурыз мейрамы қарсаңында "Ал, қанекей, әжелер" сайысы өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.
Сайысқа 4 -сыныптардың 6 әже қатысты. Іс-шара өте тартымды, қызықты жоғары деңгейде өтті.
Қатысқан әжелерімізге денсаулық тілей отырып, "Алғыс" білдіреміз!