Мектепішілік бақылау жоспары
Оқу процесін мектепішілік бақылау ҚР БҒМ талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Бақылаудың мақсаты: Әр оқушының жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім беру мүмкіндіктерін және денсаулық жағдайын ескере отырып, білім алушылардың даму динамикасын, олардың білім беру әлеуетін іске асыруды бақылау негізінде оқу процесін жетілдіру.
Міндеттері:
- Барлық қатысушының заңды құқықтары мен мүдделерін барынша толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ашық білім беру ортасын құру;
- Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының барлық түрін дамытуда елеулі нәтиже беретін жаңартылған бағдарлама бойынша пәндерді оқытудың тиімді тәсілдерін анықтау және қорыту;
- Білім беру процесіне мектептің әлеуметтік ортасының өкілдерін белсенді тарту негізінде бақылаудың жаңа, қазіргі заманғы нысандарын енгізу.
- Элективті курстар, таңдау курстары, таңдау пәндер арқылы қосымша білім беру желісі арқылы сабақтан тыс және сабақтан тыс жұмыстардың бірізділігін қамтамасыз ету.