 
                        
	26.01.2024ж Теміртау қ ББ «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ-де «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың, қылмыстың, жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу » тақырыбы бойынша жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті, қатысты 126 ата-ана.
	Ата аналар жиналысында сөз сөйледі:
	1. Гимназияның директоры К.Нургалиева
	2. Шыгыс ПБ ЖПКБ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Аюпова Шолпан Мухтаркызы.
	3. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы – Ерикова Диана Сериковна
	4. Теміртау қаласы №4 емхананың медбикесі Б.Ш Айтмағанбетова
	5.Гимназияның әкімшілігі.
	Жиналыс барысында балалар мен ата-аналардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы, кәмелетке толмағандардың есірткі заттарын қолдануы мен таратуына қарсы күрестегі профилактикалық іс-шаралар, әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас ережелері, алаяқтықтың құрбаны болмау сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігінің алдын алу мәселелері қозғалды.
	Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуы және 22.00-ден кейін көшеде топтасып жүрмеуі бойынша түсініктемелер берілді .
	Ата-аналарға сабақтан тыс уақытта балаларды жұмыспен қамту бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді. Барлық мәселелер қолданыстағы құқықтық заңнама аясында талқыланды.
 
                         
                         
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    