Апталық 19 ақпан мен 26 ақпан аралықта жоспарлы түрде өткізілді. Кітапханада "Денсаулық кепілі-спорт" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Гимназия медбикесі-"Дұрыс тамақтану тәнге шипа" тақырыбында ақпарат беріп, оқушылармен әңгіме сағат өткізілді. 1-5 сынып оқушылары "Дұрыс тамақтану" ережелеріне сөз жұмбақ дайындады. Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері 5-7 сынып оқушыларына "Сау болғым келеді" тақырыбында эстафеталық сайыс ұйымдастырды. Әлеуметтік педагог 5-6 сыныптарға "Дұрыс тамақтану мәдениеті" тақырыбында бейнероликтер ұйымдастырып, буклеттер сайысы өткізілді.
2024 жылдың ақпан айында "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" апталығы өткізілді.