back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«САПАЛЫ БІЛІМ - ҮЗДІК НӘТИЖЕ» тақырыбында қалалық танымдық - форум
09-02-2024 16:55
«САПАЛЫ БІЛІМ - ҮЗДІК НӘТИЖЕ» тақырыбында қалалық танымдық - форум

Танымдық-форумның мақсаты: Білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізінде үздік нәтижеге бағыттап дамыта оқыту және оқушылардың білім, білік дағдысын өмірде қолдануына қолдау көрсету.
Қалалық танымдық – форумға қатысуға қала әкімінің орынбасары С.С.Зияшовта қатысып, гимназия оқушыларының үздік жобаларынан ұйымдастырылған көрмеге, үш тілде еркін сөйлеп таныстырылым жасаған оқушылар жұмысын көріп жоғары баға берді. С.С.Зияшев өзінің қорытынды сөзінде білім саласына аса қатты назар аударылып жатқанын, болашақта әрбір мектепке берілетін оқу кабинеттері оқушы сұранысын қанағаттандырып жабдықтауға ірі қаражат бөлінетіндігін айтып, қала мектептерінен келген директорларды қуантты. Танымдық- форумға келген қалалық білім бөлімінің басшысы Х.К.Жаудинова, білім бөлімінің әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі Е.К.Кудайбергенова және білім бөлімінің әдіскерлері гимназияның ұйымдастырған жұмысын, мақсатқа бағытталған жоғары деңгейдегі жұмыс деп бағалады. Гимназия директоры К.А.Нургалиева гимназияның жаңашыл, озық жұмыстары бойынша тәжірибесімен бөлісіп, ұжымның алда тұрған мақсат, міндеттерін зерделегенін, болашақта бұдан да жоғары деңгейдегі жұмыстармен тәжірибе бөлісетінін айтып өтті. Форумға келген қонақтар, қала мектептерінің директорлары барлық кабинеттерге экскурсия жасап, «Қазақстан халқына» қорынан берілген кабинеттер жабдықталуына көз тойдырып, көңіл толтырып қайтты.

Новости