1 қыркүйек Білім күні
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Оқушыларға жаңа жобалар бойынша ақпарат берілді.
2024-2025 оқу жылында «Білім күні» 1 қыркүйекте, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында мектептің барлық қауымдастығының қатысуымен, 1, 11 сынып оқушылары үшін салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Биылғы оқу жылы 1-сыныпқа қабылданған 101 оқушының ата-аналары гимназия өміріне ерекше атсалысып, белсенділік танытқаны үшін алғыс айтамыз!