back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
"Әлихан туған өлке" облыстық танымдық - тәжірибе алмасу
30-05-2024 13:55

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылындағы «Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы тірек мектебімен» бірлескен «Әлихан туған өлке» атты танымдық – тәжірибе алмасу яғни көшпелі конференция өткізді. Мақсаты: «Әлихан мектептері Альянсы» жұмысын одан ары жетілдіру және Әлихан Бөкейханның туған жері – Ақтоғайдың киелі жерлері мен тарихын зерттеу жұмысын әріптестік кездесу арқылы дамыту болды.
Гимназиямыздан барған 47 педагогті, Ақтоғайдың «Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы тірек мектебінің» директоры Арнагуль Акатаевна бастаған ұжым дастархан жайып қарсы алып, мектеп жұмысымен, мұражайы, кітапханасымен, Әлихан бұрышымен таныстырған соң 10 адам бізге қосылып, Бөкейхан әулетінің «Талдыбейіт» қорымына құран бағыштап, зиярат еттік. «Әлихан атындағы мұражай» жетекшісі, таңдайы тақылдаған гид Қалиасқаров Сағат Ерғалыұлы Әлихан Бөкейхан және оның туыс- туғандары жайлы тарихи деректерді ерекше тебіреніспен, рухпен баяндауы тыңдарманның әрқайсысына «..расымен осындай ірі тұлғаның тарихымен болашақ ұрпаққа, болашақ Әлиханшылар болуы үшін оқытып- тәрбиелемесек не керек, бүгінгі Әлихандар кімдер, олар үшін біз не істей аламыз?!» деген ой тастады. Әсіресе жас мамандар Әлихан мен Шәкәрімнің бөле екенін енді білсе, мұражайдан қазақ халқының ертеден егін шаруашылығының бірегей ебекшісі болғанын дәлелдейтін «қамытты» көріп таңғалса, бірі Әлихан мінген тарантасқа биыл 100 жыл толғанын әлі де «сырлы ыдыстың сыры кеткенімен сыны кетпей» музейде сақтаулы тұрғанына, Тұран барысының Ақтоғай өңірінде болғанына таңдай қағысты.

Новости