15.10.2024ж. «Менеджмент және басқару. Сабақ берудегі креативті әдістер»тақырыбында әріптестік тәжірибелік кездесу болып өтті. Астана «НЗМ» командасын директоры Ахмадиева Куралай Тлеубердиевна, директордың инновациялық даму жұмысы жөніндегі орынбасары Шантаев Еркин Нурланович бастап 10 маман келді.
2023-2024 оқу жылынан екі мектептің өзара меморандум қарсаңындағы бірлескен жұмыс жоспарының негізінде мектеп басқарудағы ерекшеліктер жөнінде отырыс өткізіп, оқу жылы бойы жүргізілетін іс-шаралар мен бірлескен жұмыс жоспарын келісіп бекітті.
Психолог Абибуллаева Назира Абжановна оқушылармен сынып сағатын шығармашылықты ұйымдастырудың бағыттары, буллингке қарсы «KiVa» бағдарламасымен жұмыс ұйымдастыруы жөнінде тренинг өткізді.
Астана «НИШ» мектебінің оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Абишева Гульмира Ерболатовна 6–сынып оқушылары, ата-аналарымен «НЗМ»-не оқушылардың қабылдануы бойынша кеңес берді.
«НЗМ»-нің ағылшын тілінің мұғалім-тренері, шетелдік әріптес Лизабет Абадиа Клинже (Lizbeth Abadia Klinge) «How to Develop a Classroom that promotes Student- Driven Questions» тақырыбында ағылшын тілі мұғалімдері және жалпы пән мұғалімдеріне шеберлік сынып өткізді.
Әріптестік-тәжірибелік кездесу жоғары деңгейде өтті.
Серіктес мектептерден «Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицейі», №3 ЖББОМ–нің ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.
Әріптестік - тәжірибелік кездесу барысынан фотошолу
К.Бопан