back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
2024-2025 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына педагогтерді жұмысқа қабылдау 2024 жылдың 28 қарашасында өтеді
18-11-2024 16:04
2024-2025 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына  педагогтерді жұмысқа қабылдау 2024 жылдың 28 қарашасында өтеді

Қарағанды облысы білім басқармасының

Теміртау қаласы білім бөлімінің

«Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ

 

2024-2025 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына  педагогтерді жұмысқа қабылдау 2024 жылдың 28 қарашасында өтеді.

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (19.11.2021  № 568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.кz» және гимназиямыздың ресми сайтына «krguo.edu.kz», инстаграм сайтына «alihan_gimnaziasy» жәнепедагогтарды жұмысқа қабылдау сайтына«hr.nobd.edu.kz» жарияланды.

 

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 18.11.2024 – 27.11.2024 ж. дейін  жүргізіледі.

Мекен- жайы: Теміртау қаласы, Б.Момышұлы, 91.  Тел. 955407

Эл. почта адрес: Bokeih@yandex.kz

Конкурстың өтетін уақыты: 28.11.2024 жыл

 

2024-2025 оқу жылына төмендегі бос орындар бар,(педагог–сарапшы, педагог–зерттеуші біліктілік санаты міндетті):

  1. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме

Лауазымдық міндет:тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамының өкілдерімен өзара іс- қимылын үйлестіреді

педагог–сарапшы, педагог–зерттеуші біліктілік санаты міндетті;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты

 

  1. Аға-тәлімгер (вожатый)  – 1 жүктеме

Лауазымдық міндет:оқушылардың бастамаларын, мүдделері мен қажеттіктерін ескере отырып, еріктілік, «өзін-өзі басқару ұйымы», «жас ұлан», «жас қыран» адамгершілік және демократизм принциптері бойынша балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері жұмыстарын бағдарлауға көмектеседі, олардың қызметін дамытуға ықпал етеді

педагог–сарапшы, педагог–зерттеуші біліктілік санаты міндетті;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты

 

  1. Музыка пәні мұғалімі (мини-центр) – 1 жүктеме
  2. Бастауыш сынып мұғалімі – 8 сағат
  3. Бастауыш сынып мұғалімі – 16 сағат
  4. Математика пәні мұғалімі – 8 сағат
  5. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 8 сағат

Лауазымдық міндет:  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады

педагог–сарапшы, педагог–зерттеуші біліктілік санаты міндетті;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес тапсырылады, гимназия үшін педагогикалық еңбек өтілі бар үміткердің (педагог–сарапшы, педагог–зерттеуші біліктіліксанатының болуы міндетті).

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам төменде көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

1)осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7)Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10)Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11)Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12)11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

13)Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.       

 

Новости