07.10 күні 3–4 сынып оқушылары арасында “Алтын күз” байқауы жоғары деңгейде өтті!
Мақсаты – оқушылардың шығармашылығын дамыту, күз мезгілінің ерекшеліктерін таныту, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен эстетикалық талғам қалыптастыру.
Байқау барысында оқушылар ерекше киім үлгілерін көрсетіп, көрме ұйымдастырып, өлең, ән мен би арқылы өз өнерлерін ортаға салды.
Қатысушылар:
• 3 “А” – Садирханова Қарақат
• 3 “Ә” – Зикирияева Айбибі, Ерсін Айсұлтан
• 4 “А” – Жанболат Айсана, Нурдиллаева Аида
• 4 “Ә” – Мейрамқызы Зейнеп, Хайрат Санжар
• 4 “Б” – Тұрғанбек Көркем, Алмасұлы Арсен
*Қатысқан оқушыларға шығармашылық табыс, жарқын жетістіктер тілейміз!
Қолдау көрсеткен ата-аналар мен дайындаған сынып жетекшілеріне мың алғыс!
Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында байқау есте қаларлықтай әсерлі өтті!