back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Мектепішілік олимпиада
24-10-2025 10:47
Мектепішілік олимпиада

24.10.2025ж. «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясының» оқушылары бүгін ерекше көңіл-күймен ұстаздарымен қауышуда, себебі оқушылар үшін мектепішілік пән олимпиадасына қатысу – бір күндік мереке. Өз білімін өзі таңдаған пәннен олимпиадаға қатысып дәлелдеймін деген сеніммен қоса, Республика күні мерекесінің де қуанышы бар.
Әр оқу жылы қалалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі дәстүрлі түрде екі кезеңді бір күнде өткізіп қалыптасқан. Өткен оқу жылымен салыстырғанда биылғы оқу жылы оқушылар саны көп болды, әсіресе география, тарих пәндерінен ең көп 70-ке жуық оқушы қатысты, бірақ талап бойынша әр паралелль сыныптан қалаға 1 ғана оқушы шығатындықтан, нағыз озаттар іріктелетін білім сайысы болмақ.
Олимпиадаға қатыспайтын 1-2 сынып, жоғары, орта буын оқушыларына Республика күніне арналған спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Мектепішілік олимпиадаға қатысушы барлық оқушыларға сәттілік, дайындаған ұстаздарына жемісті еңбек тілейміз. Еліміздің ерекше мейрамы «Республика күні» мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Новости