back-image
КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области
Организации> КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области
⚡️ҚАЗАҚТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
13-07-2022 16:41
⚡️ҚАЗАҚТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
@kior.kz ????Назарларыңызға домбыра туралы сіз білмеген қызықты 7 дерек ұсынамыз: ✅2010 жылы 30 мамыр күні Қытайдың Толы ауданында 10450 адам бір уақытта «Кеңес» күйін орындап, рекорд орнатты. Бұл жобаға қарапайым тұрғындар, жылқышылар мен егіншілер қатысқан. ✅Болатбек Кәрімханұлы жасаған ең кішкентай домбыра Гиннес рекордтар кітабына енген. Оның ұзындығы – 4 см, 5 мм, ал ені – 1 см, 4 мм. ✅Кемел Ақышев, б.з.б 4000 жыл бұрын салынған домбыраның суретін тапқан. Яғни, содан бергі уақытты есептеп қарағанда домбыраның кем дегенде 6 мың жылдық тарихы бар. ✅Швейцариялық компания алтынмен апталған, күміспен әрленген домбыра шығарды. Оған 24 каратты гауһар тасы бар саф алтын пайдаланылған. Құны – 50 мың еуро. ✅Домбыра түркі халықтарында ғана емес, бүкіл әлемдегі ең көне аспап; ✅Домбыра – топшур, ұйғыр, түркімен халықтарында – дутар, қырғыздарда – комуз, әзірбайжандықтарда – гопуз, тәжіктердер – думрак, өзбектерде – думбыра, думбрак, ал ноғай мен башқұрттарда – домбыра деген атау алған. ✅Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби домбыра аспабында ойнаған. #ҚҚДИ #КИОР #ProOfficeAqparat #id26883
Новости