back-image
КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области
Организации> КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области
Вакансия
05-09-2022 18:18
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметкерлер лауазымдарының уақытша бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды. 1. Лауазым: Педагог-көмекші Атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Негізгі бағыты:негізгі орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру. Орналасқан орны(мекен-жайы): Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, 101600, Шахтинск қаласы, Молодежная көшесі 51Б, анықтама телефоны, факс 8(72156) 55102, E-mail: shahtinsk_osh7@krg.gov.kz. Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы: Буын Саты Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге) бастап дейін В 2 4 126 976 146 487 В 2 3 135 028 159 803 В 2 2 135 957 161 043 В 2 1 144 628 167 546 Конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптар: жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл. Лауазымдық міндеттері: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады; балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады; білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді; оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді; ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды; белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар Білуге міндетті: Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенцияны", Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын басшылыққа алады. Және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар; педагогикалық этика нормалары; еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар; белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: 1) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда); 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда); 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; Конкурсты өткізу мекен жайы: Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, 101600, Шахтинск қаласы, Молодежная көшесі 51Б, анықтама телефоны, факс 8(72156) 55102, E-mail: shahtinsk_osh7@krg.gov.kz. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 13.00-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ға дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау басталған күн, уақыты: 06.09.2022ж.,09.00сағ. Құжаттарды қабылдау аяқталған күн, уақыты: 14.09.2022ж.,17.00сағ.
Новости