back-image
КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области
Организации> КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области
Педагог-көмекші
21-11-2022 12:58
Педагог-көмекші

  Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі  азаматтық қызметкерлер лауазымдарының уақытша бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

 

 

1.       Лауазым:

Педагог-көмекші

Атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің     «№7 жалпы білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Негізгі бағыты:негізгі орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

Орналасқан орны(мекен-жайы):  Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, 101600, Шахтинск қаласы, Молодежная көшесі 51Б, анықтама телефоны, факс 8(72156) 55102, E-mail: shahtinsk_osh7@krg.gov.kz.

Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы:

Буын

Саты

 Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге)

бастап

дейін

В 2

4

126 976

146 487

В 2

3

135 028

159 803

В 2

2

135 957

161 043

В 2

1

144 628

167 546

Конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;

білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

 оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;

 ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды;

белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар

Білуге міндетті:

Лауазымдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенцияны", Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын басшылыққа алады. Және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері;

ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;

педагогикалық этика нормалары;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;

 белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

   1) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

   2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

   3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);

  4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

  6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

  7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

  9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

  10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

Конкурсты өткізу мекен жайы:  Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, 101600, Шахтинск қаласы, Молодежная көшесі 51Б, анықтама телефоны, факс 8(72156) 55102, E-mail: shahtinsk_osh7@krg.gov.kz.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті  жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ға дейін  жүзеге асырылады.

Құжаттарды  қабылдау басталған күн, уақыты: 21.11.2022ж.,09.00сағ.

Құжаттарды қабылдау аяқталған  күн, уақыты: 29.11..2022ж.,17.00сағ.

Новости