Республикалық Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі
25 қаңтарда Теміртау қаласының «Қарағанды индустриялық университеті» базасында Қарағанды облысының жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында «Республикалық ұлттық пікірсайыс турнирінің» облыстық кезеңі өтті. Турнирге облыстың 48 мектеп командасы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша, облыстағы үздік үш пікірсайысшының қатарында біздің пікірсайысшы, №7 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Тронин Даниил «Үздік спикер» атағын алды. Даниилді және «Шаңырақ» пікірсайыс клубының жетекшісі Юлия Александровна Боталованы құттықтаймыз!