2023 жылғы 9 ақпанда цифрлық сауаттылық апталығы аясында 11 сынып оқушылары арасында "IT-мамандықтар - болашаққа қадам" кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. Оқушылар IT мамандықтары туралы өзекті ақпаратпен танысты. Іс-шара барысында оқушылар 2 командаға бөлінді. Олар ірі IT-компаниялар саласындағы білімдерін кеңейтіп, болашақ "Жаңа кәсіптер атласы" мамандықтарымен танысты. Балалар командаларда IT саласының түрлі мамандықтары бойынша жұмыс істеді, IT жұмысының ерекшеліктері мен мамандардың жеке қасиеттері туралы шығармашылық жұмыс жасады. Іс-шара соңында қазылар алқасы қорытындылап, жеңімпаздар командасы сертификаттармен марапатталды.
«IT-профессии - шаг в будущее»