back-image
КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
03-11-2023 10:57
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 3 қарашада «Күзгі мектеп» шеңберінде Дене шынықтыру мұғалімдері үшін пәндік құзыреттілікті арттыру мақсатында Шахтинск қаласының «№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында семинар өткізді. Семинар барысында Абай ауданы, Шахтинск қаласының педагогтары оқытудың белсенді және ойын әдістерін және «Асық ату» ойын түрін қолдану және іске асыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасының эстетикалық топтық гимнастика бойынша бас жаттықтырушысы В.Ж. Жайлауова қыздарды эстетикалық топтық гимнастикамен айналысуға тартуға ықпал ететін «Сұлу-бақытты балалық шақ аймағы» жобасына тоқталды.

Мұғалімдер практикалық бөлімді сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар арқылы ұсынды.

Тыңдаушылардың жақсы пікірлері, алған білімдері одан әрі жұмыс істеуге жақсы мотивация болды.

Барлығы облыстың 90-ден астам педагогы қатысты

Новости