Профессиональные пробы
2023 жылғы 17 қарашада ҚО ҚБ Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Оқушылар сарайы" КМҚК базасында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кәсіби сынамалары өтті. Бұл сынамаларға 9 сыныптың 16 оқушысы қатысты.
Кәсіби сынамалар келесі мамандықтарды қамтыды:
-Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру
- Радиотехника, электроника және телекоммуникация
- Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
- Төтенше жағдайларда қорғау
- Өрт қауіпсіздігі
- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
- Робототехника және ендірілген жүйелер. Балалар белгілі бір бағыт бойынша жүріп , әр мамандық туралы жеке ақпарат алды.