Экскурсия
2024 жылғы 20 қыркүйекте кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары аясында мектептің 9 - сынып оқушылары Шахтинск қаласының мемлекеттік мұрағатына барды. Балалар үшін архив қоймасы бойынша шолу экскурсиясы өтті. Іс - шара В.И. Ленин атындағы шахтаның 60 жылдығына орайластырылды. Архив қызметкерлері оқушыларды шахтаның жетістіктерімен, Социалистік Еңбек Батырлар өмірбаянымен, көрнекті адамдардың жеке құжаттарымен таныстырды.