back-image
КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области
❄️ Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?
10-12-2024 11:22
❄️ Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?
 
 
???? Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
 
???? Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары  жасалды. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:
 
* «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
* театр фестивальдері мен қойылымдары;
* жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;
* қауіпсіздік сабақтары;
* мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
* спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;
* қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.
 
???? Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.
 
✔️ Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
Новости