
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Ол кәсіптік білім беру реформасының маңыздылығын мәлімдеді және жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.
31 қаңтарда № 7 жалпы білім беретін мектебінің базасында жұмысшы мамандықтар жылының ашылуына арналған «Жұмысшы мамандықтар жылы: Болашақты бірге құрамыз» фестивалі өтті. Негізгі мақсаты: оқушыларға жұмысшы мамандықтары туралы түсінік беру, олардың кәсіптік бағдар беру саласындағы ой-өрісін кеңейту.
Барлық 12 жалпы білім беретін мектептердің үгіт бригадалары түрлі жұмысшы мамандықтарын таныстырды. Олардың ішінде: комбайнерлер, тігіншілер, құрылысшылар, жүргізушілер, автослесарлар, аспаздар, кеншілер, дәнекерлеушілер және тағы басқалар. Осы іс-шарада біздің мектептен аспаз мамандығын 9 «Б» сынып оқушылары көрсетті.
Іс-шара № 7 жалпы білім беретін мектептің 4«Б» сынып оқушыларының жаппай флэшмобымен аяқталды, ол мамандықтардың нағыз жарқын отшашуына айналды.