
Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Республика Президентінің 2013 жылғы қарашадағы Жарлығымен белгіленген Еңбек күні жұмысшы кәсіптерін құрметтеу және еңбектің маңыздылығын ерте жастан сезіну дәстүрлерін жаңғырту мақсатында атап өтіледі. Мереке 2025 жылы 28 қыркүйекте атап өтілді.
2025 жылғы 29 қыркүйекте Еңбек күнін мерекелеу аясында "№ 7 жалпы білім беретін мектебі" КММ үгіт-насихат бригадалары мен лэпбуктарды қорғаумен кәсіптер фестивалі өткізілді. Іс-шараға 6-9 сынып оқушылары қатысты.