Әдістемелік кеңес жұмысы
2021-2022 оқу жылында әдістемелік кеңес«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы сапалы білім беру» атты тақырыппен, 2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың міндеттерін іске асыру, инновациялық технология элементтерін тиімді қолдануға әдістемелік қолдау көрсету, мұғалімдердің шығармашылығын дамыту және оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатпен және
педагогикалық кадрлармен әдістемелік жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, пән әдістемелік бірлестік жұмыстарын сапалы және тиімді жолдармен жүргізу,шығармашылық есептер арқылы мұғалімдердің проблемалық ізденістерін анықтау, оқытудың жаңа технологиялық ізденістерін қарастыру және ұсыну арқылы стандарт талаптары және пән бойынша пән мұғалімдерінің жұмысына анализдер жүргізу, оқу жоспарындағы барлық пәндердің оқытылуын ұйымдастырылуына басшылық жасау және нәтижесін анықтау міндеттерінқойды. Оқу жылының басында әдістемелік кеңестің басшылығымен тақырыптық - күнтізбелік, қолданбалы курс бағдарламалары, үйірме жұмыстарының жоспарымен танысып, талдап, бекітілді. Әдістемелік кеңес және аттестациялық комиссия құрамын бекітілді.
Әдістемелік кеңес құрамы
№ р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты |
қызметі |
пәні |
санаты |
1. |
Есмаганбетов А.М. |
Директор |
математика |
жоғары |
2. |
Аккулова М.Ж. |
Оқу ісі жөн. орынбасар |
музыка |
жоғары |
3. |
Жолшибекова У.Т. |
Оқу ісі жөн. орынбасар |
қазақ тілі мен әдебиеті |
жоғары |
4. |
Култасова А.Ж. |
Оқу ісі жөн. орынбасар |
орыс тілі мен әдебиеті |
жоғары |
5. |
Кумекова А.Т. |
Оқу ісі жөн. орынбасар |
бастауыш сынып |
жоғары |
5. |
Белиспаева Ж.К. |
Оқу ісі жөн. орынбасар |
тарих пәнінің мұғалімі |
бірінші |
6. |
Мухаметжанова Н.М. |
Тәрбие ісі жөн. орынбасар |
математика, информатика |
жоғары |
7 |
Тилеубек А. |
Тәрбие ісі жөн. орынбасар |
дене шынықтыру |
жоғары |
7. |
Касенов Н.М. |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің жетекшісі |
қазақ тілі мен әдебиеті |
жоғары |
8. |
Нурпеисова К.А. |
Жаратылыстану пәндері бірлестігінің жетекшісі |
физика |
бірінші |
9. |
Карасартова А.Т. |
Орыс тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің жетекшісі |
орыс тілі мен әдебиеті |
бірінші |
10. |
Нави А. |
Дене шынықтыру, өнер саласы пәндері бірлестігінің жетекшісі |
дене шынықтыру |
бірінші |
11. |
Альханова А.Т. |
Бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігінің жетекшісі |
бастауыш сынып |
бірінші |
12. |
Шыныбекова Г.Е. |
Математика, информатика пәндері бірлестігінің жетекшісі |
математика |
бірінші |
13 |
Аспандиярова Г.Б. |
Тарих және қоғамдық пәндері бірлестігінің жетекшісі |
тарих, география |
екінші |
14. |
Когабекова А.Т. |
Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі |
математика |
бірінші |
15 |
Балмаганбет Ж.Б. |
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бірлестік жетекшісі |
ағылшын тілі |
екінші |
Педагогикалық кадрлармен әдістемелік жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, пән әдістемелік бірлестік жұмыстарын сапалы және тиімді жолдармен жүргізу,шығармашылық есептер арқылы мұғалімдердің проблемалық ізденістерін анықтау, оқытудың жаңа технологиялық ізденістерін қарастыру және ұсыну арқылы стандарт талаптары және пән бойынша пән мұғалімдерінің жұмысына анализдер жүргізілді. Әдістемелік кеңес өзінің ғылыми - теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдермен жүйелі түрде жұмыстар жүргізді. ӘБ апталықтары мен декадалардың кестесін бекітіп, апталықтар мен декадалардың өтуіне септігін тигізді. Жас мамандар мектебінің жұмысын жүргізіліп, жас мамандарға тәлімгерлер сайланды. Әр пән бойынша мектепішілік пән олимпиадасын өткізілді.
Ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыру барысында жыл бойы үздіксіз көмек берді. Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарта отырып, төмендегідейіс-шаралар өтілді: әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми - практикалық конференциялар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар - практикумдар, жас мамандар мектебі, т.б. отырыстары өткізіліп тұрды. Осындай жұмыстардың арақасында мектебімізде ұстаздар және мектеп оқушылары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстар, интеллектуалды марафондарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болуды.Түрлі қалалық, мектепішілік семинарлар өткізілді, №5, №9, №12 мектептерге тірек мектеп болғандықтан, биылғы жылы тәжірибе алмасу жүргізіліп отырылды. Атап айтсақ,жоспарланған бірінші әдістемелік семинарақпан айының 12 күні тірек мектептерінің мұғалімдеріне арналып өткізілді. Іс – шараның негізгі мақсаты – қазіргі замандағы жаhандық мәселелер туралы түсінік беру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу болып табылады. Семинар барысында мектеп –лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары У.Жолшибекова мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Н.Мухаметжанова «Рухани жаңғыру аясында ұлттық тәрбие мен білім беру» іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында қатысушылар өздеріне құнды ақпарат ала білді, қала мектептері арасында мектеп-лицейінің тәжірибиесін тарату және оқытудағы жаңа тәсілдер мен әдістемелермен бөлісу. Семинар үш бөлім бойынша құрылды. Іс – шарамыз қонақтарды қарсы алып, жұмыс ретін түсіндіру бойынша мектеп – лицей директоры А.М.Есмаганбетов алғы сөзбен бастады.
Бірінші бөлімінде мектепте өткізіліп жатқан оқу және тәрбие саласы бойынша тәжірибелер ортаға салынды.
Екінші бөлімінде мектеп ұстаздары семинар қатысушыларына ықшам сабақтарын көрсе отырып, өзіндік сипатты кескіні бар музыкалық сүйемелденумен сапалы графика, ойластырылған шиеленіскен сюжет, көптеген локациялар, қызықты жұмбақтар және тапсырмаларды орындау барысында, түрлі әдіс-тәсілдер, кері байланыс, бағалау түрлерімен қызығушылықтарын оятып, тәжірибелерімен алмасты.
Жаһандану мен техниканың дамыған заманында бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктелген. Осыған орай, семинардың үшінші бөлімінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары психолог Ж. Мухамедиева мен Ж.Сейтбанова психологиялық тренингісін жүргізді.
Бұл семинарда әріптестеріміз өз жұмыстарын жоғары дәрежеде көрсетті.
Әдістемелік кеңес өз жоспарына сәйкес барлық жұмыстарын іске асырды.
2022-2023 оқу жылына қойылған міндеттер:
1. Педагогикалық технологияларды тану бойынша мұғалімдердің шығармашылық топтарымен жұмысты жүйелі ұйымдастыру;
2. Мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігін дамыту және әдістемелік көмек көрсету мақсатында мұғалімдердің және әдістемелік бірлестік жетекшілерінің сабақтарға және сабақтан тыс іс-шараларға қатысуын дұрыс ұйымдастыру.