Балалардың мектепте болған кезінде ыстық тамақпен тамақтануы, олардың денсаулығын сақтаудың және тиімді оқу қабілетінің маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Мақсаты: Мектепте тамақтануды ұйымдастыруды жақсарту, сондай-ақ білім алушылардың тамақтану сапасын бақылауды қамтамасыз ету.
2021-2022-оқу жылында "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп лицейі" КММ-де оқушыларымыздың ата-аналарымен бірге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.М.Мухаметжанова, әлеуметтік педагог Ж.Дүйсенбай, мектеп медбикесі Х.Жанахметова тамақтандыру бойынша мектеп асханасында жыл бойына мониторинг жүргізіп отырды.