back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Тәрбие жұмысы бойынша ақпараттар
20-06-2022 20:57
Тәрбие жұмысы бойынша ақпараттар

"Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ-де 2021-2022 оқу жылында көптеген тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

 Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы - кітап. Оқушылардың оқу мәртебесін, оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, оқу құзіреттілігін дамыту, интеллектуалды әлеуетін арттыру үшін "Білім кітапта" жобасы ұйымдастырылып өткізіліп отырды.

Қалада өскен балалар үшін ауылдың тыныс тіршілігін түсіндіру мақсатында мектебімізде сыныптар арасында "Ауылда 10 күн" жобасы өткізілді.
Оқушыларымыз байқауға қатыса отырып, ауылда кездесетін мәселелердің төңірегінде демалыстарының қалай өткендігі жөнінде сөз қозғап, жобаларын қорғады.

Мектеп-лицейімізде мұғалімдер арасында "Үздік оқырман" жобасы болып өтті. Оқырман мен кітапхана байланысын нығайтып, рухани байлықты арттыруға септігі мол жобаның Үздік оқырманы болып, мұғалімдеріміз К.Нурпеисова , Ж.Мухамедиева, Ж.Сейтпанова, Ж.Сулейменова мен А.Оспанова қатысты.
Оқырмандарымыз Ш.Мұртаза, Ә.Нұршайықов, Ғ.Мүсірепов, Ж.Жұмаханов пен Ш.Құдайбердіұлы туындыларымен таныстырып, шығармаларын мазмұндады.
Ш.Мұртаза ағамыз: "Темірді тат шірітеді, тат темірдің өзінен шығады. Адамды аздыратын жаман қылықтары да өзінен, ол да тат. Сабынды жуып кетіре алмайсың. Адам жанын тат басса, оны тек кітап кетіреді" деген екен.

Наурыз айының 3 күні оқушылардың шығармашылық өзін-өзі танытуы және шығармашылық әлеуетін ашу, эстетикалық тәрбие беру мен сахналық мәдениет дағдыларын қалыптастыру мақсатында, 1-4 сынып оқушылары арасында «Мастер шоу-2022» жүргізушілер сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс екі кезеңнен тұрады. «Шебер жүргізуші» кезеңі бойынша қатысушылар теледидарда жүргізілетін бағдарламалардың негізінде белгілі бір өзекті тақырыпты көтеретіндей өздерінің іс-шараларын көрсетті. «Импровизация» кезеңінде көрермендермен жұмыс жасап, кез- келген оқиғадан шыға білу шеберліктерін шыңдады. Мектебіміздің кішкентай жүргізушілері өздерін сахнада ұстау мәдениеті мен импровизация өнерімен көрермендерді де, қазылар алқасында таңқалдырды. 

Театр — халықтың рухани қазынасы, ұлт байлығы. Театр мектеп оқушылардың бойына мәдениетке деген махаббат пен адами-рухани құндылықтарға баулып қана қоймай, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеті мен дарынын ашу мақсатында лицейіміздің ұстаздары Д.Исабековтың «Кішкентай ауыл» атты драмасынан сахналық қойылым көрсетті. Сонымен қатар көптеген іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.

Новости