back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Сыңғырла алғашқы қоңырау!
03-09-2022 13:54
Сыңғырла алғашқы қоңырау!

Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде, «Сыңғырла алғашқы қоңырау» мерекесі өтті. Мерекелік шараға барлық оқушылар, ұстаздар , мектеп директоры Есмаганбетов Арарат Мылтыкбаевич және арнайы қонақ Шахтинск қаласының білім бөлімінің бас әдіскері Сатемирова Динара Айтымовна қатысты. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған оқушыларға ардагер ұстаздар, мектеп басшылығы өздерінің тілектерін айтып, ақ жол тіледі. Салтанатты шара бірінші сынып оқушыларының ән –шашу, тілектерімен жалғасты. Биылғы жылғы үздік түлектер бірінші сынып оқушыларына өз тілектерін айтып, білім кілті мен әліппені табыстады, бірінші сынып оқушылармен бірге «Алғашқы қоңырауды» соқты.

Новости