back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
"ЖАС ҰЛАН", "ЖАС ҚЫРАН" ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАТАРЫ ЖАС ПАТРИОТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ!
23-10-2022 20:15

"ЖАС ҰЛАН", "ЖАС ҚЫРАН" ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАТАРЫ ЖАС ПАТРИОТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ!

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде 25-қазан Республика күніне орай мектеп оқушыларын "Жас Ұлан", "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.

Бұл ұйымның мақсаты - өскелең жас ұрпақты өз елінің патриоты болуға, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгісі мен ертеңгісін, Отанының тарихын бес саусақтай білуге, білімге деген құштарлықтарын биіктету болып табылады. Жиын барысында Шахтинск қаласының маслихат депутаты Тилеубек Аманжол оқушыларды "Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымына қабылдануларымен құттықтап, оқуда озат, еңбекте өжет те қайсар болуларын тіледі.

#республикакүні

@shahtinsk_obrazovanie

Новости