back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Қазақстан-менің Отаным»
24-10-2022 20:29
«Қазақстан-менің Отаным»

Ағымдағы жылдың 22-ші қазанында Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде Республика күніне арналған «Қазақстан-менің Отаным» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мерекелік концертке қатысқан лицейіміздің директоры Есмаганбетов Арарат Мылтыкбаевич құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар ұстаздарды құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Кеш шымылдығын «Сарыарқа» домбыра ансамблі күмбірлете күй шертіп ашты.

Мерекелік іс-шарада «Шаттық» би тобы мың бұралып би билесе, 9 «В» сынып оқушылары «Алаш көсемдері, ұлт тұлғалары» тақырыбында шағын қойылымдар қойып, өнерлерін ортаға салды. Оқушылар әсем әндер орындап, көрермендерге патриоттық рух сыйлады.

Мемлекетіміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!Республика күні құтты болсын!!!

@shahtinsk_obrazovanie

Новости