back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Нашақорлыққа жол жоқ» атты тәрбие сағаттары
26-10-2022 20:36
«Нашақорлыққа жол жоқ» атты тәрбие сағаттары

Ағымдағы жылдың 26-шы қазанында Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде Полиция бөлімі мен Денсаулық сақтау ұйымдарының ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.

Тәрбие сағаттың мақсаты – нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы жайында түсіндіру, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Тәрбие сағаты барысында «Нашақорлық ортақ қасірет», «Темекінің зияны» атты бейне фильмдер көрсетілді. Іс шара аяғында оқушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, зиянды әдеттерге әуес болмауға шақырды.

@shahtinsk_obrazovanie

Новости