back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Мұқағали Мақатаев – поэзияның патшасы»
22-11-2022 00:55
«Мұқағали Мақатаев – поэзияның патшасы»
Бүгін мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали Мақатаев – поэзияның патшасы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кештің мақсаты: ХХғасырдың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырларын өлең сүйер қауымға кеңнен насихаттау. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру.

Шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну.
Әдеби-сазды кеш 4 «А» және 7 «Б» сынып оқушыларының ұйымдастырумен болды. Кеште «Шаттық» би тобы мың бұралып би билесе, 7 «Б» сынып оқушылары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан шағын қойылымдар қойып, өнерлерін ортаға салды. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.
Өте сезімге толы әсерлі кеш болды. Кешімізге үлес қосқан өнерлі оқушыларға алғысымызды білдіреміз!

@shahtinsk_obrazovanie
 
Новости